Украинадағы Қазақстан елшілігінен 18 қазақстандық мінген автобус жолға шықты
Украинадағы Қазақстан елшілігінен 18 қазақстандық мінген автобус жолға шықты
© inbusiness.kz
127
оқылды
Бүгін Қазақстанның Киевтегі елшілігінен 18 қазақстандық, соның ішінде 4 бала мінген автобус жолға шықты, - деп хабарлады елшіліктің ресми сайты Львов тас жолында олар халықаралық автобусқа мініп,  Катовице (Польша) қаласына аттанады. Содан кейін үшінші репатриациялық рейспен Қазақстанға жеткізіледі. Кеше Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ұйымдастыруымен азаматтарымыз мінген тағы 3 автобус Киевтен Львовқа жолға шықты.