Бүгін Қазақстанның Киевтегі елшілігінен 18 қазақстандық, соның ішінде 4 бала мінген автобус жолға шықты, - деп хабарлады елшіліктің ресми сайты.
Львов тас жолында олар халықаралық автобусқа мініп, Катовице (Польша) қаласына аттанады. Содан кейін үшінші репатриациялық рейспен Қазақстанға жеткізіледі.
Кеше Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ұйымдастыруымен азаматтарымыз мінген тағы 3 автобус Киевтен Львовқа жолға шықты.