5G желілері болашақта барлық саланы бір-бірімен байланыстырушы желі болады. Келешекте біз қолданып жүрген: көлік, сағат, көзілдірік, ұялы телефон сынды құрылғылар осы желіге қосылып, сол арқылы басқарылуы мүмкін. Ал бұл стандарт қашан толық жүзеге асады?
«Жақын арада 5G-мен Еуропаның басым бөлігі, шамамен 80% қамтылады. Бұл технологияның көмегімен өндірістік саланың толықтай интернет-технологияға көшу деңгейі артады. Бірақ оны дамыту үшін алтыншы буын стандарты (6G) қажет болуы мүмкін», - деп жазды Euronews.
5G байланыс желілерін енгізу туралы инновациялар Барселонада өткен дүниежүзілік мобильді конгрессте ең қызу талқыланған тақырып болды.
Ұлттық 5G бақылау кеңесінің басшысы Федерико Руиздің айтуынша, Украинадағы соғыс 5G желісін енгізуге кедергі болмайды.
«Украинадағы шиеленіс 5G желілерін енгізуге кері әсер етпейді. Себебі бұл қақтығыста технологияның маңызы зор. Біріншіден, халықты ақпаратпен қамтамасыз ету керек. Екіншіден, экономика мен технология бір-бірімен байланысты. Ал қазіргі таңда кез келген бойкот және технологияны дамыту шаралары маңызды рөл атқарады», - дейді Федерико Руиз, Ұлттық 5G бақылау кеңесінің басшысы.