Тергеушілер 15 жылдан кейін Алматыда жоғалып кеткен журналистің жерленген жерін тапты
Тергеушілер 15 жылдан кейін Алматыда жоғалып кеткен журналистің жерленген жерін тапты
© time.kz
584
оқылды
Тергеушілер Алматыда 2007 жылы жоғалып кеткен журналист Оралгайша Омаршанованың 15 жылдан кейін мәйітін тапты. 14 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған қылмыс әлемінің серкесі қалай ұсталғаны белгілі болды, – деп хабарлады «Время». «Закон и правосудие» басылымының журналисі  Оралғайша Омаршанованың  жоғалып кеткені туралы жергілікті және шетелдік БАҚ жарысып жазды. Оралғайша Омаршанованы соңғы рет адамдар Алматыда 2007 жылғы 30 наурызда көрген. Бір жылдан соң оны есірткі сатқаны үшін сотты болған қылмыс әлемінің серкесі ұрлауы мүмкін деген күдік пайда болды. Тергеушілер журналистің жоғалуына оның қызметі емес, түрмеде тоғыз рет жазасын өтеген Серік "Голова" Жаманбаевпен араларында болған дау себеп болған деп сезіктенді. 2020 жылы тергеушілер 2019 жылы түрмеден шыққан "Голова" құрған қылмыстық топты ұстады. Оның өзімен бірге ҰҚТ-ның бірнеше белсенді мүшесін қолға түсірді.  Жаманбаев 19 жылға, оның сыбайластары 7-10 жылға сотталды. Тергеу тобы Жаманбаевтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерді. Бірнеше айдан соң қылмыс әлемінің серкесі журналист  Омаршанова мен бәсекелесі  Ботбаевты өлтіргенін мойындады. 2021 жылы  жазда Серік Жаманаев оларды Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы маңындағы тау бөктерінде жерлеген жерін көрсетті. Серік Жаманбаев бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан. Әйелі мен қорғаушысы көндірген соң ол істеген қылмысын мойындап, тергеушілерге көмектесе бастады. Басылымның жазуынша, Жаманбаевтың өлтірілген бәсекелесі  — Ботбаев қылмыс әлемінің серкесі Айтқали Маймышевпен жақын араласқан. Қазіргі таңда Айтқали Маймышевтің "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен сыбайлас екені белгілі болды.