Президент баспасөз қызметінің телеграм әлеуметтік желісінде ресми каналы ашылды
Президент баспасөз қызметінің телеграм әлеуметтік желісінде ресми каналы ашылды
313
оқылды
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында жазды. 
«Биылғы 1 наурыздан бастап Президенттің Баспасөз қызметі телеграм әлеуметтік желісінде «Борт N1» (https://t.me/bort_01) атты ресми канал ашқанын хабарлаймын. Телеграм каналда шағын хабарламалар, аңдатпалар, экспресс-аналитика, инфографикалар, бейресми фото мен видеолар және басқа да мәліметтер қамтылады. Құрметті әлеуметтік желілердің қолданушылары! Сіздерді біздің Т-каналымызға жазылып, Президенттің қызметіне қатысты маңызды ақпараттармен дер кезінде танысып отыруға шақырамын», - деп жазды ол.