Өзгеріс болашақ үшін қажет
Өзгеріс болашақ үшін қажет
288
оқылды
– «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі жаңалыққа толы болды. Әуелі партияның Саяси кеңес құрамы жаңа мү­шелермен толықты. Сондай-ақ партия­ның Атқарушы хатшысы саяси құрылымды модернизациялау бойынша жеті пункттен тұратын бағдарламаны таныс­тырды. Ал Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов партияны ре­брендинг жасау үшін оны «АMANAT» деп атауды ұсынды. Президент, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та партияның жаңа атауын қабыл алды. Партия Төрағасы партияның саяси жұмысын жаңа форматта қайта құруды ұсынды. Расында «қаңтар оқиғасы» еліміздің саяси, экономикалық және әлеу­меттік өмірінде өзгерістер керек екендігіне көз жетті. Бұл – халықтың талабы. Жақында ғана депутаттар облыс, аудан, ауылдарды аралап, тұр­ғын­дармен кездесіп келдік. Халықтың Президентке деген сенімі жоғары, Үкіметке берілген тапсырмалардың орындалуынан үлкен үміт күтеді. Осынау шақта партияның да атауын өзгертіп, өз қызметін жаңа серпінмен жалғастырғаны – заңды құбылыс. Партияның аты мен бірге затын да өзгерту мә­селесі күнтәртібінде тұр. Елдің болашағы үшін, ұрпақ үшін бұл өзгеріс бізге ауа­­дай қажет. Қалай десек те, «Жаңа Қазақстан» құруда «Amanat» партиясы алдың­ғы қатардан көрінеді деп білемін.

Сәлімжан НАҚПАЕВ, Мәжіліс депутаты