– Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде жаңалықтар мен жақсылықтар көп болды, соның ішінде жастар қауымы үшін оның атауының «Amanat» болып өзгеруі ерекше әсер етті деуіміз керек. Жастар мұны бізге ата-бабамыздан берілген аманат ретінде қабылдады. Сол себепті еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, өркениет көшіндегі дамыған мемлекеттер қатарына қосуға міндетті екенімізді түсіндік.
Бұған дейін Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қ.Тоқаев қоғамда жастармен жұмыс істеу жағы біршама ақсап жатқанын айтты. Біз бұл сынды жіті қабылдап, Отанымыздың болашағы болатын, елдің ертеңгі иесіне айналатын жас қауымның жағдайын жақсартуға барынша күш саламыз деп тас-түйін бекіндік. Бұл бағыттардағы жұмыстарды қазірдің өзінде қызу бастап кетті.
Еркебұлан АҚБОЛАТОВ,
«Jas Otan»ЖҚ Алматы облыстық
филиалының төрағасы