Көлік бағасына 6 күнде 600 мың теңге қосылып, күннен-күнге қымбаттап жатыр
Көлік бағасына 6 күнде 600 мың теңге қосылып, күннен-күнге қымбаттап жатыр
Фото: yandex.kz
213
оқылды

Теңгенің құнсыздануы көлік бағасына да әсер етті, – деп хабарлайды informburo.kz. Осыдан 2 жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда автосалондағы жаңа көлік 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі көліктің құны 2 есе өскен.

Соңғы уақытта доллар бағамының шарықтауынан 6 күнде жаңа көліктерге 500-600 мың теңге қосылған. Ескі көлік бағасы 400-500 мың теңгеге қымбаттады. Көлік сатушы менеджерлердің айтуынша, жаңа машина бағасының күрт көтерілуіне, автоөндірушілердің бағаны қазіргі нарыққа қарай көтеруі себеп болып отыр.
«Бізге автокөліктер Ресей, Жапониядан келеді. Ал бұл мемлекеттерде жыл басында көлік бағасы көтерілді. Оған қоса АҚШ валютасының курсы қазір тұрақсыз болып тұр. Біз көлікті долларға сатып алатындықтан, Қазақстанда да баға өсіп жатыр», – дейді автосалонның аға менеджері Сәбит Егембаев.
Көлік құнының қымбаттауы себепті сатып алушылардың да қатары сирей бастаған. «Ішкі нарықтағы көлік бағасының қымбаттауының бірінші себебі шетелден келетін қосалқы бөлшектердің қымбаттауы болса, екіншіден, жаңа көліктердің бағасының өсуінен екінші нарықта да баға артып жатыр. Мысалы, 12-13 миллион теңге тұратын машиналардың бағасы қазір 15 миллион теңгеге жетті», – дейді автосарапшы Хуршид Раимов.

Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алғашқы жарна төлемей-ақ, көлік сатып алуға болатынын айтқан еді.