Роман Скляр алғашқы жарна төлемей-ақ, көлік сатып алуға болатынын айтты
Роман Скляр алғашқы жарна төлемей-ақ, көлік сатып алуға болатынын айтты
Фото: drive2.com
324
оқылды

Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдік жасалатынын айтты. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алым проблемасы, жаңа көлік тапшылығы, жеңілдікпен несиеге көлік алу мәселесіне қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді.

Роман Склярдың айтуынша, қоғамда жаңа көлік тапшылығы, отандық машина жасау өндірісіне қатысты талас-тартыс өте көп.
«Бұдан былай көлік сатып алу үшін алғашқы жарна төлемей, 7 жылға 4 процентпен несие беріледі. Осы мақсатқа «Жасыл даму» компаниясы 100 миллиард теңге бөледі», – деді Роман Скляр.

Ол бұған дейін автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрі бойынша утилизациялық алым мөлшерлемесі 50 процентке төмендетілгенін айтқан болатын.