Доллар тағы да қымбаттады
Доллар тағы да қымбаттады
Фото: rusplt.ru
222
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық бойынша, доллар бағамы бүгін де өсті. Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 3,59 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 497,02 теңге болды.

Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 492,28 теңге. Алматыда доллар 498,88 теңгеден сатылып, сатып алу 503,66 теңгеге жетті. Астанада доллар 499,72 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу – 503,09 теңге.

Украинадағы ахуалға байланысты Ресейге салынған санкцияның әсерінен теңге күн сайын құнсызданып жатыр.