Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа пікір білдірді
Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа пікір білдірді
ФОТО: © unsplash.com
281
оқылды
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі елімізге санкция салу туралы ұсыныстың неліктен айтылғаны жөнінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Спутник Қазақстан. Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайтынын айтып, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Осыған орай Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісінен елімізге қарсы санкция салу туралы ұсынысты түсіндіруін сұрады.
“Бұл парламенттегі бір депутаттың мәлімдемесі. Бүгін біз Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті сыртқы істер министрлігіне шақырып, бұның немен байланысты екенін түсіндіруін сұрадық”, –  деді Сыртқы істер вице министрі Шахрат Нұрышев.
Кэти Лич сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесіп, британдық тараптың екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін атап айтты.
"Біз Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты айтылған нақты ұстанымды түсінеміз және бейбітшілікті, көпжақты дипломатия мен БҰҰ жарғысының қағидаттарын қолдаудағы 30 жыл бойғы тұрақты ұстанымды бағалаймыз", – деді Кэти Лич.