Екі ел арасындағы ынтымақтастық арта бермек
Екі ел арасындағы ынтымақтастық арта бермек
536
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады. Әңгімелесу барысында олар Қазақстан мен Түр­кия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту­дың перспективалары мен халықаралық күн тәрті­бінің өзекті мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Фуат Октайға ілтипат білдіре отырып, Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдады және оның биыл мамыр айында Түркияға сапармен келу жөнін­дегі шақыртуын шын көңілмен қабыл алғанын жет­кізді. Мемлекет басшысы саяси, сауда-эконо­ми­ка­лық, инвестициялық және мәдени-гу­ма­ни­тарлық сала­лардағы екіжақты байланыс­тардың деңгейі жо­ға­ры екенін атап өтіп, қарым-қаты­нас­тарды одан әрі жан­дандыра түсу қажет екеніне назар аударды. Түркияның вице-президенті өз кезегінде Президент Режеп Тайип Ердоғанның Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді. Сондай-ақ түрік елі Мемлекет басшысының сапарын асыға күтетінін айтты. Фуат Октай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыс­тардың 30 жылдығына орай жолдаған түрік басшы­сының құттықтау хатын жеткізді. Түркияның вице-президенті елімізде сын-қа­терлерді еңсеру үшін қабылданған шараларды және Қазақстан Президентінің мықты әрі батыл бас­шылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу туралы шешіміне ризашылық білдірді.