Теміртау қаласының полиция бөліміне жыл басынан бері алаяқ құрбаны болған қала тұрғындарынан өтініштер келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өзін сауда ұйымының өкілі етіп таныстырған алаяқ кәсіпкерлердің сеніміне кірген. Кейін олардың атынан 500-700 мың теңге көлемінде несие алған.
"Барлық факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 25 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде криминалдық полиция 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, оның 10 алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды", – делінген хабарламада.