Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында "Үш Озан бірге" жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды.
Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы "Азерпост" ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді. Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреті бейнеленген.