Түнгі клубқа барамын деп төртінші қабаттан құлады
Түнгі клубқа барамын деп төртінші қабаттан құлады
304
оқылды

Ақтөбе тұрғыны түнгі клубтың төртінші қабатынан құлап түсті. Ол ойын-сауық кешенінің баспалдақ ернеуінен асып түсті, - деп хабарлайды КТК арнасы

44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты. Ойнап тұрып оқыста бар салмағымен төменге қарай ауып кетеді. Төртінші қабаттан құлаған тұрғын қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр, дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр.
"Түнгі клубтардың бірінде төртінші қабаттан құлап, дене жарақатын алды. Қазір Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы қазіргі таңда анықталуда", - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.