Қазақстанның мыңнан аса жүк вагоны Украинада қалып қойған
Қазақстанның мыңнан аса жүк вагоны Украинада қалып қойған
468
оқылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

5 наурыздағы деректерге сәйкес, Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұралап қалды. Сонымен қатар, Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған. Оның ішінде 371 вагон кеше басқа бағыттарға жіберілді. Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанында жедел желі ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде.