Visa мен MasterCard төлем жүйелері Ресейдегі жұмысын тоқтатады. Бұл осы елге салынған санкцияларға байланысты қабылданған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шешімге сай бірнеше күннен кейін Ресейде шығарылған карталар шет елдерде, ал өзге мемлекеттерде берілген карталар Ресейде жұмыс істемейді. Осылайша Ресей қаржы жүйесі сыртқы әлемнен ажыратылады. Бірақ Ресейдің ішінде қос төлем жүйесінің карталары жұмыс істей береді. Себебі олар осы елдің Visa мен Mastercard Ресейден кететінін жариялады жасаған жүйе бойынша жүзеге асырылады. Айта кетейік, Visa мен MasterCard әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі болып саналады.