Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығы шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жарлықта әкімдердің елмен етене жақын жұмыс істеуге тиіс міндеттері жазылған.«Кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін баяндаманы таныстырумен, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізсін» делінген Жарлықта.