Қазақстанда кинотеатрлар желісі жабылатынын мәлімдеді
Қазақстанда кинотеатрлар желісі жабылатынын мәлімдеді
174
оқылды
1 сәуірден бастап Қазақстандағы Kinopark және Kinoplex кинотеатрларының желісі жұмысын тоқтатады.
"Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартып жатыр. 1 сәуірден бастап бізде көрсететін ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабуға мәжбүр болады. Өкінішті, бірақ расы сол", - деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев Instagram парақшасында.