Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады
Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады
Фото: alau.kz
648
оқылды
Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасымен" бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі Ведомствоның мәліметінше, теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда астана уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.
"Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.
Теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақытылы жеткізілетін болады", - делінген хабарламада.