Украина билігі Ресеймен келісімге келді
Украина билігі Ресеймен келісімге келді
Киев, Украина (Фото: Ефрем Лукацкий / AP)
559
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Слуга народа" атты партиясының елдің қауіпсіздігіне кепілдік беретін жаңа келісімшартты бекіту қажеттілігі туралы  мәлімдемесі Киевтің мемлекеттің бейтарап мәртебесін жариялауға келіскенін білдіреді, - деп жазады "Страна.ua".
Бұдан бұрын Украинаның басқарушы партиясы таяу жылдары НАТО-ға кіру мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді.  Киев Будапешт меморандумын ауыстыратын  және "АҚШ, Түркия және көрші мемлекеттер" атынан елдің қауіпсіздігіне кепілдік беретін жаңа халықаралық келісімшарт бекіту қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар Мәскеу де Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы өз нұсқасын ұсынып отыр. Украинаның мемлекеттілігін мойындау және "Киевке қауіп төндірмеуге" кепілдік беруді заң жүзінде бекіту ұсынылып отыр.
"Слуга народа" партиясының мәлімдемесі өте маңызды, өйткені украиндық биліктің алғаш рет Ресей талап еткен мемлекеттің бейтарап мәртебесіне қатысты ұсынысы жарияланды. Басқарушы партия бейтарап мәртебесін жариялауға келісіп, Батыс, Түркия және Ресейге Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беретін шарттармен талап қойған", — деп жазады портал.