Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Аманжол Әлтай. Фото: Instagram/amanzhol_altai
661
оқылды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді, - деп жазады baribar.kz. 
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", — деді Аманжол Әлтай.
Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды. Бұдан бұрын хабарланғандай, саяси кеңес бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.