Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ ұрлаған 23 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ ұрлаған 23 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды
408
оқылды
Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулар тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев Алматыда 5-6 қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару-жарақ партиясы анықталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.
Полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын ұстаған, оны тінту барысында 19 пневматикалық қару мен оларға арналған оқ-дәрі, 10 пышақ, бір арбалет, алты оптикалық көзілдірік және үш оптикалық құрылғы тәркіленген.
"Дерек бойынша соталды тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Олардың сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіледі", — деп түйіндеді Оңал Бекиев.
https://www.youtube.com/watch?v=J5cMwX5Zj-g&t=1s