8 наурыз күні жігіт түрмедегі қызына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
8 наурыз күні жігіт түрмедегі қызына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
©zakon.kz
279
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Анастасияға халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйіктісі үйленіп, үй болуға ұсыныс жасады. Оның әйелдер колониясында жазасын өтегеніне жарты жыл болған. Ұрлық үшін сотталған қыздың әлі 2,5 жылы бар.

Анастасия жігітмен түрмеге түспей тұрып танысқан, кейін бір-біріне хат жазысып, көңіл жарастырған. Осылайша қызына ұсыныс жасауға үлгермеген жігіт, мереке қарсаңында оған тосын сый жасамақ болған. Сөйтіп, ғашығына қоңырау шалып, сезімін білдіріп, өзіне тұрмысқа шығуына сөз салған. – Тимурды қатты жақсы көремін. Еркіндікте күтіп жүр мені ол.  Болашағымды тек Тимурмен елестетемін. Жақында екеуміз мекемеде некеге отырамыз. Біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көпбалалы ана болғым келеді», – деді Анастасия.