Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.
Министрлік таратқан мәліметке сенсек, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс ұшқан. Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтіліп отыр.
Ұшақта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби бар. Бұған дейінгі үшінші рейс те Нұр-Сұлтанға қонған болатын.