Солтүстік аймақтарда аяз қайта күшейеді
Солтүстік аймақтарда аяз қайта күшейеді
©24.kz
289
оқылды

«Қазгидромет» мамандарының болжауынша, 10-12 наурызда теріскейде ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерде қар жауып, кейде боран соғады. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады. Тау бөктерінде жел екпіні секундына 20 метр, кей жерлерде 28 метрге жетуі мүмкін.

– 10-12 наурыз аралығында Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклон ықпалында болады. Сондықтан  осы аумақта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түседі. Яғни, күн суытады. Батыс пен оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Республиканың батыс аумақтарында көбінесе қар жауады, бұрқасын болады, –  деді «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі Ғалайым Дәулетхан.