БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы бірден төмендеді
БАӘ елшісінің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы бірден төмендеді
©www.inform.kz
199
оқылды

Сауда деректеріне сәйкес, Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 12 пайызға төмендеді. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы таңғы уақыт бойынша Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 112,51 долларға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 109,27 долларға дейін төмендеген. Мұнай бағасына БАӘ-нің АҚШ-тағы елшісі Юсуф әл-Утейбудың мәлімдемесі әсер еткен. Ол БАӘ мұнай өндірісін арттыруды жақтайтыны және ОПЕК-те тиісті шешім қабылдауға ниетті екені туралы айтқан болатын. Өткен аптада мұнай Brent және WTI үшін шамамен 20 пайызға және 25 пайызға қымбаттаған еді.