Қазақстандық әуе компаниясы Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты
Қазақстандық әуе компаниясы Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты
©24.kz
394
оқылды

Нақтырақ айтсақ, Air Astana әуе компаниясы және оған еншілес FlyArystan Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты. Әуе тасымалдаушы компания мұны "өндірістік себептермен" түсіндірді.

Қазір Air Astana Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Мәскеуге ғана ұшып жатыр. Қалған қалаларға рейс жоқ. Алайда компанияның мәлімдеуінше, келесі аптаның басында Ресейге ұшатын барлық рейс қайта қосылады. Осыған дейін ресейлік S7 Airlines және Аэрофлот компаниялары да Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерін тоқтатқан. Бұған Украинаға байланысты батыстың Ресейге салған санкциясы себеп болған. Ал SCAT және Qazaq Air компаниялары әзірге Ресейге рейстерін тоқтатпағанын хабарлады.