Украинадағы қақтығыс кезінде қазақстандық келіншек босанып, ұлды болды
Украинадағы қақтығыс кезінде қазақстандық келіншек босанып, ұлды болды
©qostanay.tv
493
оқылды

Босануға ай-күні жақындаған кезде Ләззат Игілік Киевте болған. Украина мен Ресей елдерінің арасындағы басталған қақтығыстың төртінші күнінде, яғни, 28 ақпан күні Ләззат сәбилі болған.

– Ұлым қайсар, жігерлі болсын деген ниетпен Батыр деп атадым. Негізі эвакуация жасалатын болып, жолға шыққанбыз. Жол ортада босанып қалдым. Артынан Дунаев ауданына қарасты перзентханаға жеткізілдік. Сонда түнеп шықтық, –  дейді нәрестенің әкесі Бауыржан Игілік. Оның айтуынша, олар сол жақта төрт күндей болған. Босанған келіншектің бәрі жертөледе жатқан. Бірнеше тәулік бойы автобуспен жүргеннен мазасызданғаны болмаса, қазір сәбидің жағдайы жақсы.  Елге келгенше Батыр ұйықтап келген.