Түркияда Украина СІМ басшысымен кездескен Лавров не туралы сөйлескендерін айтты
Түркияда Украина СІМ басшысымен кездескен Лавров не туралы сөйлескендерін айтты
Фото ©РИА Новости
319
оқылды
РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Анталияда Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездесуде соғысты тоқтату туралы келіссөзді жоспарламағандарын айтты, - деп хабарлады РИА НОВОСТИ
Түркия СІМ, Украина СІМ және Ресей СІМ басшылары арасындағы келіссөз бейсенбіде Анталияда өтті. Бұл Украинада әскери операция басталғалы бері екі ел СІМ басшыларының алғашқы кездесуі.
"Кулеба мырза соғысты тоқтату туралы келісе алмадық дегеніне таңқалмадым. Бұл жерде ешкім соғысты тоқтату туралы сөйлесуді жоспарлаған емес", - деді Лавров.
"Путиннің ешқашан сөйлесуден қашпайтыны баршаңызға аян. Біз тек бұл байланыс өзіміз үшін емес, нақты келіміге келу үшін ұйымдастырылғанын қалаймыз. Бүгін біз осы мәселені көтердік... Мен оған  (Кулебаға) мәселені шешіп, қандай да бір нәтижеге қол жеткізе алсақ, кездесуге дайын екенімізді айттым", - деді ол.