Нұр-Сұлтан қаласында «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарының конференциялары өтті. Іс-шараға қатысушылар «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXII съезінде айтылған негізгі бастамалар мен тезистерді талқылады.
Сонымен қатар жиналғандар халықпен байланыс орнатудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Үйлесімді коммуникацияның арқасында партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мәслихаттағы фракция депутаттарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, қала тұрғындарының проблемаларын жіті шеше алатынына сенімді.
Жиналғандар партияның атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы бастамаға толық қолдау білдірді. Өйткені бұл сөздің өзі қазақ халқы үшін киелі әрі рухани маңызға ие.
Кездесу соңында Алматы және Байқоңыр аудандары партия филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу бойынша ашық дауыс беру шарасы өтті. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар партияның аудандық филиалдарының жаңа төрағаларын сайлады. Филиал жетекшілері болып аудан әкімдері Нұрбол Нұрсағатов пен Ерлан Жаулыбаев бекітілді.