Абрамович «Челсиді» сата алмайтын болды
Абрамович «Челсиді» сата алмайтын болды
©www.gazeta.ru
394
оқылды

Ұлыбритания үкіметі «Челсидің» иесі Роман Абрамовичке қарсы санкциялар енгізді.

Елдің сыртқы істер министрі Лиз Трасс Абрамовичке активтерді толығымен тоқтату және сапарға тыйым салу қолданылғанын айтты. Демек, 55 жастағы олигарх «Челсиді» дәл қазір сата алмайды. Клуб спорттық лицензия алғаннан кейін ғана футбол клубы ретінде сауданы жалғастыра алады. Оның үстіне, Ұлыбритания үкіметі «Челсиді» сатса да, түскен ақшадан бас тартуды талап етіп отыр. Қазір жағдайдың қиындағаны соншалық «Челсидің» жеке брендтік дүкендері жабылды. Сонымен қатар, команда ойыншыларын ауыстыра алмайды не болмаса келісімшартты соза алмайды. Бір сөзбен айтқанда тығырыққа тірелді.