«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамы 13-ке артты
«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамы 13-ке артты
505
оқылды
Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы Саяси кеңесі Бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі; Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы; Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы; Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті. Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.