Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Ақмола облысы:
11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка –Рудный – Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0– 234 шақырымы;
11.03.2022 ж.сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған – Петропавл» а/ж 137 – 252 шақырымы;
Қостанай:
11.03.2022 ж. сағат 13.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді:
11.03.2022ж. сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара – Шымкент» тас жолының 1240 – 1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
"Азаматтарды ауа райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласуы қажет",- делінген хабарламада.