Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Атыраудан табылды
Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Атыраудан табылды
158
оқылды
Атырауда «Іздестіру» операциясы басталды. Екі күнде құқық қорғаушылар 2 хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар мен 3 қылмыскерді қолға түсірді. Сот үкімімен қылмыскер деп танылған үшеуі де– халықаралық іздеуде жүрген тұлғалар. Олардың біреуі 1989 ж.т. Өзбекстан азамат. Оған қатысты 2019 жылы Ресей ІІМ Волгоград облысында РФ ҚК-нің 160 бабы 4 бөлігімен (біреудің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау) іс қозғалған. Атырау облысы полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері аталған 39 жастағы шетелдік азаматты іздестіру операция кезінде тапты. Қазір уақытша ұстау изоляторда қамауда. Айта кетейік, «Іздестіру» операциясы 18-і наурызға дейін жалғасады.