Оралда 399 миллион теңге жымқырған шенеунік пен АҚ директоры сотталды
Оралда 399 миллион теңге жымқырған шенеунік пен АҚ директоры сотталды
© egemen.kz
260
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Оралда 399 млн теңгеден астам сомаға бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Тергеу барысында "Электромонтаж" АҚ филиалының директоры Б.У. Сәрсенбаев және "Орал қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысының орынбасары А. Е. Исманов қылмыстық істің қатысушылары болып аңықталды, сондай-ақ Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері Орал қаласының ЕТЖ "А" тұрғын ауданын электрмен жабдықтау" объектісінде құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған ақшаның ұрланғанын анықтады. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденді.
"Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары А.Е. Исманов ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлігінде көзделген мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, әрі қарай 2 жыл бас бостандығынан шектелді. Ал оның серіктесі Б.У. Сәрсенбаев, ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес, 2 жыл қамауға алынып, ұйымдарда және коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды",  делінген хабарламада.