Қызылордада жол апатынан 16 адам зардап шекті
Қызылордада жол апатынан 16 адам зардап шекті
Фото: tengrinews.kz
164
оқылды
Қызылордада жолаушылар отырған микроавтобус автокөлікпен соқтығысып, салдарынан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы мәлімдеді. Мәлімет бойынша, жол апаты 11 наурызда Желтоқсан және Қорқыт ата көшелерінің қиылысында болған.
"Mercedes Benz микроавтобусы Toyota Camry-мен соқтығысты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажет сараптама тағайындалды", – дейді полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 16 адамның жетеуі – бала.