«Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асырылуда
«Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асырылуда
Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Тараз қалалық филиал өкіл­дері бірқатар нысанды ара­лап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалғанын тексерді. Жұмыс тобының сапында қалалық мәслихаттың депутаттық фракция мүшесі А.Дәулетбаева және қалалық әкімдіктің жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері бар. Олар «Фармир» дәріханасы, Жамбыл облыстық тіс емдеу емханасы, Жамбыл облыс­тық жұқпалы аурулар ауруханасы, «Халық банк» филиалында болды. Тексеріс барысында мүгедек­терге арналған автотұрақтар мен пандустардың, дыбыстық шақырту құрылғылары мен тактильді плит­калардың, мүгедектерге арналған санитарлық бөлмелердің жайы қаралып, бірқатар мекеменің бас­шысына ғимараттың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажетіне сай жасақталуы бойынша ұсыныс берілді.