«Шынында да, қантқа сұраныс жоғары болып тұр. Қалада қант таусылған жоқ, дүкендерде күнделікті түскен қант сол күні сатылып кетіп жатыр. Тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде әлеуметтік қанттың бір келісінің бағасы - 305 теңге» дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Олжас Құдайбергенов.«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері қант қоры жеткілікті екенін, алайда қазір Тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде қант адам басына 2 келіден ғана беріліп жатқанын хабарлады.
Азамат Қасым, Шығыс Қазақстан облысы