Атырау қаласында қылмыстық топ ұсталды
Атырау қаласында қылмыстық топ ұсталды
232
оқылды
Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ҚР азаматын ұстады.
«2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізу арнасына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады. Биылғы 7 наурызда топтың тағы бір қатысушысы ұсталды. Алдын ала деректер бойынша, ол есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден астам марихуана есірткісі алынды, оның қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр. Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.
Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.