Ақтөбелік полицейлер газға уланып қалған шетелдіктерді құтқарып қалды
Ақтөбелік полицейлер газға уланып қалған шетелдіктерді құтқарып қалды
289
оқылды
Ақтөбелік полицейлер жол бойында қалған шетелдіктерді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәжікстанның екі азаматы «ГАЗель» автокөлігімен Ақтөбе қаласынан Әлімбет шекара бекетіне жолға шыққан. Олар шекарадан өте алмаған. Кейін Ақтөбе қаласындағы туысқандарының үйіне қайтауды жоспарлаған. «Қайтар жолда олармен байланыс үзілді. Желдің жылдамдығы артып, ұйытқыды, аяз күшейді. Уайымдаған туысқаны 102 телефонына қоңырау шалып, патрульдік полиция ротасының экипаждары дереу хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге кірісті. Түн ортасында «Солтүстік айналма жолы» автожолының он екінші шақырымындағы
«Исламбұлақ» кемпингінің тұрағында көлікті табылды. Жүргізуші мен жолаушы автокөлік салонында улы газдан уланып ұйықтап қалған. Полицейлер зардап шеккендерді көліктен шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, дәрігерлерді шақырды. Дәрігерлер зардап шеккендердің бірін жедел жәрдем көлігіне жатқызды. Ал екіншісін қызметтік автокөлікке мінгізіп, медициналық мекемеге жеткізді. Қазіргі уақытта шетелдіктер жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.