Тұрғын үй кезегіне тұру үшін жаңа платформаға тіркелу керек
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін жаңа платформаға тіркелу керек
Сурет: kn.kz
320
оқылды

Қазақстандағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің шешімімен тұрғын үй кезегі бірыңғай республикалық базасы өшірілді, - деп хабарлайды Informburo.kz порталы. 

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін енді Kezekte ақпараттық қызмет көрсету платформасына тіркелуі қажет. Ал кезекте тұрғандарға қайта тіркелудің қажеті жоқ. "Отбасы банк" жаңа платформамен интеграциялау жұмыстарын 1 сәуірге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Осы кезеңде банк "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардан қарыз алуға өтініштер мен өтінімдерді қабылдамайды. Десе де қабылдау мерзімін ұзартуға уәде береді.