Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды
Сурет: kaztag.kz
445
оқылды

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 3 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

13 наурыздағы мәлімет бойынша, 10 881 адам коронавирус инфекциясынан (–9 825+ және 1 056 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 89 адамның жағдайы ауыр, - 26 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 21 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 12 наурыздағы мәлімет бойынша 28 жаңа жағдай тіркелді, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 418; - өлім жағдайы – 5 347.