Петропавлда Береке шағын ауданында болған өрттен 5 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 наурызда сағат 01:07-де СҚО төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 101 телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндіруішілер №3 пәтер жанып жатқанын анықтаған. Үйдің шатыры өртке оранып, қою түтін басқан. Өрт шыққаны туралы хабарлама құзырлы органдарға кеш берілген.
Өрт сөндіру кезінде Петропавл қаласы 4 өрт сөндіру бөлімінің 30 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылған. Өрт аумағы 60 шаршы метр болған.