Боран, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Боран, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
652
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының шығысында боран соғады. Түнде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында боран соғады. Оралда күндіз боран соғады. Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аумақтарында қатты жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауады деп күтіледі. Таулы аймақтарда найзағай жарқылдап, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодар облысының оңтүстік бөлігінде боран соғады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с, Павлодарда түнде боран соғып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде боран соғады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.