Ресейге ішімдік, иіссу мен киім-кешек экспорттауға тыйым салынды
Ресейге ішімдік, иіссу мен киім-кешек экспорттауға тыйым салынды
©economist.kg
237
оқылды

Украинадағы соғысқа байланысты АҚШ-тан Ресейге экспорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімінде 570 зат бар. Бұл жайында 24.kz хабарлады.

Олардың қатарында алкогольді ішімдік, иіссу, теріден жасалған бұйымдар, кілемдер, киім-кешек, зергерлік бұйымдар, көлік, сағат, өнер туындылары бар. Бұл шектеу наурыздың 16-сынан бастап күшіне енеді. Толық тізімді АҚШ-тың өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы жария еткен. Америкалықтар Беларуське де осындай шектеу қойды. Бұған дейін Еуроодақ пен Ұлыбритания тарапы да Ресейге сән-салтанат тауарларын экспорттауға тыйым салу ойда екенін айтқан еді.