Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Зүлфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Екі депутат та міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді.
– Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты З. Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.