Қаңтар оқиғасына бүлікшілер кем дегенде екі жыл дайындалған. Осындай мәліметті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айман Омарова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында баяндады.
– Комиссия қолда бар материалдарға сүйене отырып осындай шешімге келді. Әрине, қаңтар оқиғасына қатысты барлық ақпарат толық жиналып, әлі анықталуда. Алайда қаңтар айында орын алған тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтардың құрамына қарап-ақ, оның бейбіт шеру деп қабылдау дұрыс емес. Бұл тәртіпсіздік арнайы ұйымдастырылған. Оған кем дегенде екі жылдай дайындалған. Өйткені бүлікті шығаратын арнайы топтар ұйымдастырылған. Олардың ішінде тәртіп сақшылары мен қарақшылар да болған.
Олардың тарапынан ақпараттық дайындық төңкерістерден бұрын пысықталған. Мәселен, президенттің беделін түсіру, ол жайында ел ішінде теріс көзқарас қалыптастыру, қылмыстық-атқару жүйесінде оларды болашақта пайдаланбақ болған.
Бұл жерде тек Президент өзінің шешуші әрі нық әрекетімен хаосты тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды, – деді ол.