«Қаңтар трагедиясы»: 1700 азамат пен бизнес субъектілері зардап шекті, тергеу жалғасуда
«Қаңтар трагедиясы»: 1700 азамат пен бизнес субъектілері зардап шекті, тергеу жалғасуда
©tengrinews.kz
313
оқылды

Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілер қаржы ұйымдарын, банктерді, сауда орталықтарын, дүкендерді тонады. Салдарынан 1 700 азамат пен бизнес субъектілері зардап шекті. Бұл жайында Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов хабарлады.

– Қаңтар оқиғасының алғашқы күндерінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл жағдай құқықтық тұрғыда қаралды. «Бейбіт жиналыстар туралы» Заңға сәйкес өз талаптарын ашық түрде мәлімдеу бойынша азаматтардың құқықтары сақталып, барлық аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселенің нақты шешімдері ұсынылып, авто және теміржолдар жабылды. Вокзал мен әуежай қызметтеріне тосқауыл қойылды. Алайда бүлікшілердің заңсыздықтарының салдарынан 1 700 азамат пен бизнес субъектілері зардап шекті, – дейді Марат Ахметжанов.