Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының ұсталғанына қатысты пікір білдірді.
«Бізде ол туралы клиенттер сұрақтар қойған жоқ. Бірақ біздің жауларымыз бұл фактіні пайдаланып, жағдайға бізді де қосып айтуға тырысатынына сенімдімін. Сондықтан мен алдын ала түсініктеме бергім келеді. Қайрат Сатыбалдының 4 жыл болды Kaspi-ге қатысы жоқ. Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін Kaspi акционерлерінің бірі болған еді», - деді Ломтадзе.
Бұған дейін аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқырды деген күдікпен белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының қайда ұсталғанын жазған болатынбыз.